ХАБАРЛАНДЫРУ
Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы № 56 бұйрығымен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Басқарманың 2022 жылғы 28 қыркүйектегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны
сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №306 бұйрығының
25-қосымшасы «Мақтаарал аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қамқоршылық кеңесі Басқарманың 17.03.2023 жылғы №84 бұйрығымен таратылып, «Мақтаарал аграрлық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Қамқоршылық кеңесі қайта құрылуда.
Осыған байланысты, колледждің Қамқоршылық кеңесіне үміткерлер 2023 жылғы 13 сәуір мен 2 мамыр аралығында құжаттары қабылданады Mak.kolledj@mail.ru
Қамқоршылық кеңестің құрамына бұйрықтың 10-тармағына сәйкес білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік, өкілді органдардың, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, меценаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Бұйрықтың 9-тармағына сәйкес Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында заман талабына сай сапалы білім беру қызметін
көрсету арқылы болашақ мамандардың рухани , интеллектуалдық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіріп, қазіргі таңдағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыреттілігі мол маман дайындау.
Күндізгі бөлімге: 9-11 сынып бітірушілерін мемлекеттік тапсырыс негізде төмендегі мамандықтар бойынша оқуға қабылдаймыз
Highlights
1. Білімі туралы құжаттың (куәлік, аттестат) түпнұсқасы және көшірмесі;
2. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің нәтижелері туралы сертификаты (11 сынып бітіргендер үшін);
3. Туу туралы немece жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН (көшірмелері);
4. Зх4 фотосуреті — 6 дана;
5. № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы).
БИН | |
РНН | |
ОКПО |
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ «МАҚТААРАЛ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ