Тіркеу куәліктерін алу үшін Сізге бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатып, on-line режимде өтінім беру керек. Сіздің ЭЦҚ жабық кілттері сыртқы құрылғыда немесе файлдық жүйеде генерленеді. Қажетті құжаттар пакетін жинаңыз да, берген өтінімді растау үшін Тіркеу Орталығына (ХҚКО) жүгініңіз. Бұдан кейін берілген өтінім нөмірі бойынша тіркеу куәліктерін орнатыңыз.