1. Комплаенс қызметіне жауапты тұлғаны бекіту туралы бұйрық.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже.
  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама тараптарын сақтау мәселесі бойынша жоспары.
  4. Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын реттеу ережелері

  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты

  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нұсқаулығы

  7. Корпоративтік әдеп және мінез-құлық кодексі
  8. Үлгілік ережелер туралы бұйрық
  9. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайын өткізілетін түсіндіру іс шаралар жоспары
  10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау хаттамасы
  11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерін алдын ала жария талқылау мақсатында өткен жиын хаттамасы
  12. «Мақтаарал аграрлық колледжі» МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
  13. Мақтаарал аграрлық колледжі МКҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша берілген ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шара жоспары
  14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
  15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мәжілісінің хаттамасы 
  16. «Сыбалас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайын өткізілетін түсіндіру іс-шаралар жоспары» аясында өткізілген тақырыптық  жиынның хаттамасы. №4 хаттама.pdf
Комплаенс-офицері
Батырханова А.
Мақтаарал аграрлық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет» айдары аясында оқытушыларға және студенттерге «Таза сессия» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
«Таза сессия» акциясының мақсаты – сессия уақытында сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлеу болып табылады.
 
26.07.2023ж. сағат 11:00-де Мақтаарал аграрлық колледжінің әдістемелік кабинетінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізіліп жатқан ішкі талдау нәтижелерін алдын ала жария талқылау мақсатында жиын өткізілді. Жиынға жұмысшы топ мүшелерімен бірге Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы және «Мүгедектер және зағиптар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Базарбаев Ерғали, «Болашағы келіскен жарқын ел» қоғамдық бірлестігі төрайымы Ерманова Сауле, колледждің әлеуметтік серіктестіктері: «Cotton Мақта»ЖШС маманы және «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС маманы Тагаев Асан қатысты.
Мақтаарал аграрлық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайын өткізілетін түсіндіру іс-шаралар жоспары» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциясын комплаенс-офицері директордың тәрбие жұмысы жөнінде орынбасары А.Батырханова оқытушыларға арналған тақырыптық жиын өткізді. Жиналыста «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» (ҚР МҚІСҚА 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы) бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыстың соңында колледж мамандары таныстырылған заңнамаға байланысты бірқатар сұрақтар қойды, кейбір мәселелер талқыға салынды. Жиналыс барысында ұжым мүшелері ҚР Заңнамаларында бекітілген нормаларды мүлтіксіз орындауға, заң ережелерін сақтауға бірауыздан шешім қабылдады.

2024 жылғы құжаттар тізімі